10
март
2022
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты «№48 жалпы орта білім беретін мектебі»
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты «№48 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Үйірме білім алушыларын күзгі демалыс уақыттарын тиімді пайдалануға дағдыландыру, экологиялық сауаттылыққа баулу, туған өлкенің тарихы мен мәдени мұрасын танып, туристік бағыттағы ептіліктері мен дағдысын қалыптастыру мақсатында танымдық сабақтар мен тәжірибелік сабақтар өткізілді.
Нәтижесінде білім алушылар көпшілік ортада, топпен жұмыс жасауға үйреніп, туған өлкесінің тарихи-мәдени орындарын тану арқылы рухани құндылықтарын толықтырып, патриоттылық сезімдерін арттыра түсті. Өздерін қызықтырған сұрақтарға толыққанды ақпараттар алып өз уақыттарын тиімді өткізе білді.







