22
ноябрь
2021
№48 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты «№48 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2021 жылдың 19 қараша күні «Алтын күз-2021» байқауы өткізілді. Бүгінгі өткізіліп отырған байқауымыздың негізгі мақсаты жаңа ғасырдың ұлы көшінде егемендігі еңселене түскен Тәуелсіз Қазақстанда тұрып тәрбиеленіп жатқан жастарымыздың рухын көтеріп, эстетикалық талғамын арттыру арқылы өнерге, сезімталдыққа, адалдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу болып табылады.
Байқау барысында 1-7 сынып оқушылары арасында көкөністер мен жеміс-жидектерден күзгі мерекеге байланысты әр түрлі бұйымдар жасап, көрмеге қойылды. Көрмеге қойылған заттарды оқушылар таныстырып өтті. Оқушылардың жасаған бұйымдары өте керемет, тамаша болды.