Школа №1
Телефоны приемной:
(8723) 40-11-72
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
» » Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты «№48 жалпы орта білім беретін мектебі»
10
март
2022

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты «№48 жалпы орта білім беретін мектебі»

Шымкент қаласы білім басқармасының әдістемелік орталығы 2022 жылғы 24 қаңтардағы «Ауғанстан соғысы мүгедектер қоры» қоғамдық бірлестігі мен бірлескен жоспарға сәйкес, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің  2020 жылғы 23 қарашадағы №657 бұйрығы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы №501 бірлескен бұйрығы, Білім басқармасының әдістемелік орталығының 2022 жылғы 28 қаңтардағы №77 шығыс хатына сәйкес, «Мен өз Отанымның  батыл қорғаушысымын!» атты әскери-патриоттық  жарысына қатысу мақсатында «Ауған  соғысында қаза тапқан жауынгерлерді еске алу» ауыспалы кубогын сарапқа салу үшін Шымкент қаласы №49 жалпы орта білім беретін  мектеп  базасында, мектептің спорт залында  мектепаралық бөліктік  командалар  арасындағы жарыс  ұйымдастырылды. №48 жалпы орта білім беретін  мектеп аталған  мектепаралық  бөліктік сайысқа  мектептен құрылған команда құрамы 2022 жылдың 2 ақпанында қатысты. Мектепаралық жарысқа қатысқан №№48,49,61,66,73,86,122 мектептер арасынан сайыстың барлық түрінен жоғары нәтиже көрсеткен  «№48 жалпы орта білім беретін мектебі» командасы І орынды иеленіп, аудандық кезеңге жолдама  алды. Құттықтаймыз!!!




Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив