Школа №1
Телефоны приемной:
(8723) 40-11-72
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
» » № 48 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ
24
апрель
2025

№ 48 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ

‼️ ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР! ‼️  
📅 2024–2025 оқу жылының соңында өтетін “Соңғы қоңырау”, қорытынды аттестаттау және өзге де мектепішілік іс-шараларға байланысты төмендегі талаптарды назарларыңызға ұсынамыз:
🚫 ҚАТАҢ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:
🔸 4,9 және 11-сынып оқушыларынан мектеп қажеттіліктеріне орай ақша жинау;  
🔸 Аниматорлар, әртістер, агенттіктер мен студияларды шақыру;  
🔸 Мұғалімдерге немесе мектеп әкімшілігіне сыйлық беру;  
🔸 Мектеп ішіндегі жөндеу немесе тазалық жұмыстарына қаражат жинау;  
🔸 Мейрамханалар, ойын-сауық орталықтары, саябақтар мен автокөлік шерулерін ұйымдастыру;  
🔸 Сынып ішінде дастарқан жаю немесе ата-аналардан қосымша ақша талап ету.
✅ ҚАТАҢ САҚТАЛУЫ ТИІС ТАЛАПТАР:
✔️ “Соңғы қоңырау” шарасына тек оқушының бір заңды өкілі ғана қатыса алады;  
✔️ Барлық оқушыларға қауіпсіздік ережелері алдын ала таныстырылады;  
✔️ Педагогикалық әдепті сақтау, әділдік пен жауапкершілік қағидаларын ұстану – ортақ міндетіміз;  
✔️ Ашықтық, әділеттілік және бірлік – мектеп ұжымы мен ата-ана арасындағы негізгі құндылық
📣 ҚҰРМЕТТІ АТА-АНА!
Біздің басты мақсатымыз – оқушылар үшін қауіпсіз, тәрбиелік маңызы жоғары және есте қаларлық мектеп өмірін қамтамасыз ету.  
📌 Осы талаптарды бірлесе орындау арқылы біз өзара сенім мен сыйластыққа негізделген орта қалыптастырамыз.
📞 Сұрақтар бойынша мектеп әкімшілігіне немесе өзіме  тікелей хабарласуыңызға болады:  
Байланыс нөмірі: +77023935980
📬 Біз әрқашан кері байланысқа дайынбыз
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты  № 48 жалпы орта білім беретін мектебінің директоры Жанабаева Каныткуль Мырзанқызы
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив