09
март
2022
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты «№48 жалпы орта білім беретін мектебі»
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты «№48 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2021-2022 оқу жылында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №158 бұйрығының 10-қосымшасымен бекітілген «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызметті көрсету стандартын орындау негізінде, Шымкент қаласының білім басқармасының 30.03.2021 жылғы №10-06-03/2379 санды хатына сәйкес, мектебіміздегі «Қамқоршылық» кеңесінің 30.03.2021 жылғы №1 хаттамасының шешімі бойынша «Жалпыға міндетті білім қорынан» әр балаға 458,98 теңгеден бөлінген қаржыға аз қамтамасыз етілген отбасы балаларына тамақтандыруды ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 16.08.2017 жылғы №611 бұйрығымен бекітілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын қатаң сақтай отырып, 01.09.2021-29.12.2021 жыл аралығында 492 оқушыны ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Мектеп әкімшілігі, ата-аналар, Қамқоршылық кеңесінің тарапынан кесте бойынша санитарлық талаптардың сақталуы, күнделікті мәзір бойынша берілген ыстық тамақтардың берілуі қадағаланды.




