20
октябрь
2021
№48 жалпы орта білім беретін мектебі
№48 жалпы орта білім беретін мектебінде 1-қыркүйек "Білім күні" мерекесіне орай "Тәуелсіздік жетістіктері" тақырыбында салтанатты жиын болып өтті. Осы атаулы жылы мектеп табалдырығын аттап отырған 1-сынып оқушылары үшін тарихи сәт. Себебі, оқу бағдарламасын заман талабына сай жаңартылған "Әліппе" оқулығы қайта оралды. Биыл мектеп табалдырығын 104 оқушы аттады. Жаңа әліппе оқушыларға оқу-жазуды ғана емес, қазақ халқының салт-дәстүрін үйретіп, ұлттық құндылықтарымызды жас ұрпақ бойына сіңіруге үлес қосады деп сенеміз. Әліппе- барлық білім бастауы, әліппені оқу арқылы қолдарыңызға білім кілтін алып, жарқын болашақа қанат қағасыздар.










