24
апрель
2025
№ 48 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ
23 сәуір –Ұлттық кітап күні
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты «№48 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2025 жылғы 22 сәуір күні «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында 23 сәуір –Ұлттық кітап күніне орай «Халқы сүйген қаламгер» атты ақындармен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесуге атақты ақындарымыздың даңқты жолын жалғастырып келе жатқан танымал талантты жерлес-ақындарымыз, Қазақстан Республикасының Жазушылар Одағының мүшелері Құрал Көмек, Дәркен Өміртайұлы Танабаев, Бақтыгүл Ауданова және сазгер, бірнеше өлеңдердің авторы Арайлым Саттарова қатысты. Кездесуде ақындар жыр-шумақтарын төгілтті. Оқушылар да ақындардың өлеңдерінен үзінділер оқып, ақындардың ыстық ықыласына бөленді. Ақын Құрал Көмек өз кітаптарын мектеп кітапханасына тарту етті.
Мақсаты: Оңтүстік өлкеміздегі халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүрген қаламгерлеріміздің өрнегі мол жырларын оқуға насихаттау, олардың өнегелі өмір жолдарын оқушыларға өнеге тұтып, олардың кітап оқуға құлшынысын арттыру, еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid0cSfd2kSGH3RwEiXGoz3kr1raiziMEtK8dWPq6Y4mNmNN4bah8XPcXvuwxaUJoVCQl&id=100024637128383
