02
декабрь
2024
№ 48 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ
Шымкент қаласы білім басқамасына қарасты "N48 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде " Балалар кітапханасы" бағдарламасына сәйкес кітапханасында 2024 жылдың 25 қыркүйек күні N6 балалар кітапханасымен бірлесіп ұйымдастырылған 3-4 сынып оқушыларының арасында " МЕНІҢ СҮЙІКТІ ЕРТЕГІМ" атты ертеңгілік өткізілді.Мақсаты: Оқушыларды кітап оқуға құштарлығын арттыру, білімге кітап арқылы жол ашып, тіл байлығын дамыту,тапқыр сөйлеуге, салмақты ой айтуға үйрету, сөйлеу мәнеріне дағдыландыру, кітаптан жақсы әсер алу арқылы адамгершілікке,дүниетанымын кеңейту, даналыққа тәрбиелеу.Балаларды ертегі арқылы адамдар, жануарлар кейіпкерлерінің жақсы мен жаман әдеттерін ажырата білуді үйрету. 4"Ә" сынып оқушылары- жетекшісі Гүлжан Рысқұлбекова "ЖЫЛДЫҢ ОН ЕКІ АЙЫ" ертегісі бойынша қуыршақ театрында қойылым көрсетсе, ал 3"В" сынып оқушылары- жетекшісі Фируза Уразова өздерінің оқыған ертегісі жайлы ойымен бөлісті.Оқушылар жеміс ағашына ілінген түрлі ертегілері бойынша сұрақтарға жауап берді.Ертеңгілік соңында оқушылар ән айту, би билеу өнерлерін оқырмандар назарларына ұсынды.
https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid02M4LaoxbcBsJxxvuYeB91eqGgAQ9zfnNiu6zHQbSQf8hW7uG45i52W5GczxdEXTawl&id=100024637128383
https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid02M4LaoxbcBsJxxvuYeB91eqGgAQ9zfnNiu6zHQbSQf8hW7uG45i52W5GczxdEXTawl&id=100024637128383
