19
февраль
2024
№ 48 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты "N48 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2024 жылы 19 ақпан күні ағылшын тілі және өзбек тілі пәнінің апталығының жұмыс жоспарына сәйкес "Speaking.Agreeing and disagreeing” атты тақырыбында ашылуы болды. Іс шараны мектеп директоры К.М. Жанабаева ашып берді. Әрі қарай мектебіміз талантты оқушылары өлеңдер оқып, би билеп, ән айтты.Мақсаты оқушылардың пәнге, тілге деген қызықғушылық арттыру, ағылшын тілінде еркін сөйлеуге дағдылау, сабаққа белсенділігін арттыру. Мектепке кіре беріс фоеда қабырғаларға түрлі суреттер жапсырылды, шармен безендіріліп арнайы бұрыш жасалады. Керемет әуенмен барлық оқушылар мен ұстаздарды қарсы алып керемет көңіл күй сыйлады.Сынып оқушылары белсенділік танытты. Іс шара соңында мектебіміздің директоры апталықтың ашылуы өз деңгейінде өткенін айтып әріптестерге сәттілік тіледі. 

























































