20
октябрь
2021
«Тіл- татулық тірегі» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні апталығы
Шымкент қаласы әдістемелік орталықтың жылдық жоспары негізінде 2021 жылы 06 -10 қыркүйек аралығында № 48 жалпы орта білім беретін мектебінде «Тіл- татулық тірегі» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні апталығы болып өтті. Апталық жоспары бекітіліп, пән мұғалімдері жоспарға сәйкес әртүрлі іс-шаралар өткізді.
06.09.2021 күні – 5-қыркүйек «Әліппенің» авторы, ғалым ақын, педагог, аудармашы, ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының туылған күніне орай 8-9-10 сынып оқушылары арасында «Ұлтының ұлы ұстазы» атты викториналық сұрақтар алынды. Іс- шараның мақсаты: ұлттың ұлы ұстазы атанып кеткен, қазақ тілінің тұңғыш әліппесі мен оқулықтарының авторы Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы туралы оқушылардың білімдерін нығайту, ұлы ұстаздың халқы, елі үшін аянбай қызмет еткенін үлгі ету, мақтан тұту. Ұлы қазақ ақыны Сәкен Сейфуллин «Ахмет Байтұрсынұлы ұлтын шын сүйетін шын ұлтшыл» деп баға берген. «Ыбырай Алтынсаринның соңынан із салған жаңашыл ағартушы. Қазақ оқушыларының бірнеше буыны сауатын Байтұрсынұлының әліп-биімен ашып, ана тілін Байтұрсыновтың “Тіл құралы” арқылы оқып үйренді» деген Рабиға Сыздықованың да сөзі бар.
Осыған орай, ұлы ұстаздың өмірі мен шығармашылығы бойынша білімдерін саралау мақсатында 5-сынып оқушылары арасында «Ана тілім-ата-бабам мұрасы» тақырыбында мемлекеттік тілде диктант жазу ұйымдастырылды.
«Мәңгілік ел - мәртебелі тіл» атты тақырыпта 6-7- сыныптар арасында А.Байтұрсынұлы, Ж.Жабаев, М.Мақатаев шығармаларына мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. «Өлең - сөздің патшасы» атты тақырыпта 8-9-10-сынып оқушылары арасында көркемсөз шеберлерінің сайысы өтті.
Сайыс тартысты әрі өте қызықты өтті. Оқушылар өте белсенді қатысып, білімін ортаға салды, ақындар туралы коллаж жасады.
Мерекелік шара барысында алдымен еліміздің тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктері, Қазақстан Республикасының рәміздері және тіліміздің қадір -қасиеті мен маңыздылығы туралы ақпараттар берілді. Әрі қарай мақал - мәтелдер сайысы ұйымдастырылып, оқушылар өздері жатқа білетін сөз маржандарын тізбектеп шықты. Сайыс тартысты әрі өте қызықты өтті. Оқушылар өте белсенді қатысып, білімі мен дарынын ортаға салды.






