11
декабрь
2023
№ 48 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ
"ЕРТЕГІЛЕР ЕЛІНЕ САЯХАТ" "Оқуға құштар мектеп"жобасы, "Балалар кітапханасы" бағдарламасы аясында N48 жалпы орта білім беретін мектеп кітапханасында 4"а" сынып оқушыларымен " Ертегілер әлеміне саяхат" сағаты өткізілді.Жас оқырмандарды кітап оқуға баулу, көркем әдебиет оқуға құштарлығын арттыру мақсатында өткізілген іс шарада балаларды ертегі арқылы жан жақты болуға, өз ойын шыңдауға, тілін байытып, өзіндік пікір айтуға қалыптсстыруға үйрету. Сынып жптекшісі Қарсақова Сауле : " Оқушылар бір сынып болып кітапханада оқыған ертегілерімен пікірлерімен бөліседі" деп ертегінің мазмұны мен үзінділеріне тоқтала отырып олардың қызығушылығын оятып, өз пікірлерін ортаға салып , ой бөліскеніне көмектесті. Сонымен қатар оқушылар қол көтеріп, өздері оқыған ғажайып ертегілерінің жағымды және жағымсыз кейіпкерлері жайлы айтып берді. Ертегі оқып өскен бала болашақ өміріне бағыт- бағдар қалыптастыра алады екеніне көз жеткізуге болады.


