13
январь
2023
№ 48 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты «№48 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2022 жылдың 9 желтоқсан күні 9"Ә" сынып оқушылар арасында "Қоғамға қажет мамандық" тақырыбында деген тақырыпта пікірсайыс тәрбие сағаты өткізді. Сынып жетекшісі Машева Римма Абенқызы оқушыларға түрлі саладағы мамандықтың маңызы жайлы түсінік беріп, слайд көрсету арқылы қызығушылығын арттырды. Оқушылар өздері болашақта қалаған мамандығы жайлы, өз ойларын бөлісіп, пікір алмасты. Сынып оқушылары үш топқа бөлініп, мамандық жайлы сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар бұл іс шараға мектептің түрлі маман иелері шақырылды: психолог, әлеуметтік педагог, кітапханашы, аспазшы т.б. Мектеп кітапхана меңгерушісі Г.А. Алдабергенова оқушыларға өз қалауымен таңдаған мамандығы, кітапханашы жайлы сөз қозғап адам өміріндегі кітаптың ролі туралы жақсы әңгімелер айтса, химия пәнінің мұғалімі Жандар Ақерке ауыл шаруашылығына қажетті мамандар жетіспейтіні жайлы өз пікірін ортаға бөлісті.












