12
декабрь
2023
№ 48 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ
«САПАЛЫ БІЛІМ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Шымкент қаласы Әдістемелік орталығының «Сапалы білім» жобасы аясында, әдіскер Р.Ибраеваның ұйымдастыруымен 2023 жылдың 12 желтоқсан күні №48 жалпы орта білім беретін мектепте «Білім сапасын көтеруде ББЖМ-ның үлесі» тақырыбында серіктес мектептер арасында семинар өтті. Семинардың мақсаты: білім алушылардың білім сапасын көтеру, әр оқушыға сапалы білім ала алатындай жағдайды қамтамасыз ету, пәндерді оқытуда функционалдық сауаттылықты қалыптастыру.
Семинарда мектептің физика, информатика, биология, қазақ тілі, орыс тілі, бастауыш сынып мұғалімдері ашық сабақтар, шебер-сыныптар өткізіп, оқыту мен тәрбиелеудегі құндылыққа бағдарланған әдіс-тәсілдерімен бөлісті.