Школа №1
Телефоны приемной:
(8723) 40-11-72
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
» » №48 жалпы орта білім беретін мектебі
17
октябрь
2022

№48 жалпы орта білім беретін мектебі

«Менің тілім - менің мақтанышым»
Шымкент қаласының Білім басқармасы Әдістемелік орталығының жылдық жоспары негізінде 2022 жылдың 30 қыркүйегінде «Менің тілім - менің мақтанышым»  атты қалалық фестиваль  өтті.
 Іс-шараның мақсаты Мемлекеттік тілді кеңінен қолдануды насихаттау, тіл-татулықтың, халықты біріктірудің маңызды факторы екенін өскелең ұрпаққа ұғындыру және А.Байтұрсынұлының 150 жылдығы мен тілдер мерекесін қорытындылау болып табылады.
 Орталықтың «Қоғамдық-гуманитарлық пәндер» бөлімінің ұйымдастыруымен 7-9 сынып оқушылары мен педагогтері арасында өткен аралас форматтағы фестивальге  мекеме басшылары , тіл жанашырлары, орталық әдікерлері мен білім бақармасына қарасты барлық білім беру ұйымдарының мұғалімдері мен оқушылары қатысты. Атап айтқанда, Шымкент қалалық сотының «Ақпараттық қамтамасыз ету» бөлімінің басшысы – Қабыл Дүйсенби, Тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының басшысы – Жанысбекова Гүлмира Қалыбайқызы, Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының басшысы – Спанов Бахтияр Абилович, Қазақстан өзбектері этномәдени бірлестіктері «Дустлик» қауымдастығы төрағасының орынбасары – Досметова Нуриниса Жамалқызы, «Жастар ресурстық орталығының»  басшысының орынбасары – Заманбек Оралбекұлы, -«Qyzmet» газетінің редакторы – Нарымбетова Бейсенкүл Жақсыбекқызы, т.б.б
 Фестиваль барысында оқушылар Ахмет Байтұрсынұлының қазақ әліпбиін қоғамға әкелу жайында көрініс көрсетіп, тіл туралы тағылымды ойлары мен еңбектерін тек қазақ тілінде емес әлемнің 4 тілінде оқушылар көрермен назарына ұсынып, жас мамандарының орындауында керемет әуезді әндер шырқалды. Жыл бойына белсенділік танытқан қала мұғалімдері мен оқушылар «Алғыс хатпен» марапатталды.



Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив