Школа №1
Телефоны приемной:
(8723) 40-11-72
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
» » № 48 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ
16
май
2023

№ 48 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ

Шымкент қаласы білім басқармасының «№48 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2023 жылғы 12 мамыр күні «Барлық істің басшысы-білім мен ұғым» тақырыбында ашық есік күні болып өтті. Ашық есік күніне1-11 сыныптар арасындағы ата-аналар қонаққа шақырылды.Ашық есік күніне келген ата-аналарды мектеп директоры Қ.М.Жанабаева мектептің жылдық қорытындысымен және бағдарламасымен  таныстырып өтті. Білім алушыларға «Өз біліміңді еңбек пен өмірдің өзінде шыңдап отыр! Сонда ғана білім деп аталатын асыл тас ешқашан тот баспастан жалтырай да жарқырай береді» деген Қаныш Имантайұлы Сәтпаевтың нақыл сөзімен демеу сөз беру арқылы ашық сабақтар, үйірме қорытындылары, концерттік бағдарламалар қойылды. Атап айтқанда, көркем еңбек пәнінің  мұғалімі Г.Айботаева, М.Даңғылбаева, Қ.Мырзалиеваның шәкірттерінің «Қылқалам шеберлері», «Қолөнер» үйірмелерінің жұмыстарын көріп, А.Злаеваның «Домбыра» үйірмесіндегі жанға жағымды күйлерін  және бастауыш сынып мұғалімдері А.Утемисова, А.Сейтбекова, Г.Ниязкулованың «Қуыршақ театрына» қатысушыларының өнерлерін тамашалаудан бастау алып, мектептегі спорттық үйірмелер «Тоғызқұмалақ», «Шахмат», «Волейбол», «Баскетбол», «Каратэ» үйірмелерінің ұйымдастырған жарыс сабақтарына қатысты.Сонымен қатар жаратылыстану бағытындағы  ағылшын тілінде өтілген 11«А» сыныптағы биология пәнінің мұғалімі А.Әкімнің «Ғаламдық жылыну салдары», 9«Ә» сыныптағы физика пәнінің мұғалімі Д.Имантаеваның «Әртүрлі маятниктер тербелісінің периодын есептеу»,8«А» сыныптағы физика пәнінің мұғалімі Н.Әшірбекованың «Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғауға есептер шығару»,9«Б»сыныптағы өзбек тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Ә.Ташходжаеваның «Табиий ресурслардан самарали фойдаланиш-долзарб масала»,педагог-психолотар С.Тастемір мен Б.Кенжебаеваның тренинг сабақтарына қатысып, жақсы пікір қалыптастырды. Бағдарлама соңында мектептің мәжіліс залында педагог-ұйымдастырушы Д.Асанова мен тәлімгер Ж.Даутбекованың ұйымдастыруымен концерттік бағдарлама қойылып, мектеп директоры Қ.М.Жаңабаева қорытындылап өтті.Келген қонақтартардан С.Мамедов, Ж. Бабаев ,С.Лайбек ашық есік күніне өздерінің кері байланыстарын берді. 


























Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив