Школа №1
Телефоны приемной:
(8723) 40-11-72
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
» » № 48 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ
12
декабрь
2023

№ 48 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ

Шымкент қаласы білім басқармасының Әдістемелік орталығының «Сапалы білім» жобасы  аясында 2023 жылғы 12 желтоқсан күні Шымкент қаласы  білім басқармасының «№48 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Білім сапасын көтеруде ББЖМ-ның үлесі»  тақырыбында қалалық семинар болып өтті. Семинарды мектеп директоры Қ.М.Жанабаева ашып, Шымкент қаласы білім басқармасының Әдістемелік орталығының әдіскері Р.С.Ибраева «Сапалы білім» жобасы аясында ұйымдастырылып жатқан семинар мақсатымен таныстырып өтті. Семинарға қатысушыларға концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Семинардың негізгі бөлімі ретінде биология пәнінің мұғалімі А.Әкім, физика пәнінің мұғалімі Д.Имантаева, информатика пәнінің мұғалімі Н.Санақұл, бастауыш сынып мұғалімі А.Сейтбекова, орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі А.Назарова, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Қ.Сарыбаева белгіленген тақырыптар бойынша шебер сыныптар өтіп өз тәжірибелерін ортаға салды. Семинарға қатысушылар кері байланыс беріп, өз пікірлерін , ұсыныстарын білдірді.Семинардың қорытынды бөлімінде Шымкент қаласы білім басқармасының әдіскері Р.С.Ибраева бірнеше ұстазды мадақтап, марапаттады.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив