Школа №1
Телефоны приемной:
(8723) 40-11-72
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
» № 48 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ
17
ноябрь
2023

№ 48 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ







Бүгін 2023 жылғы 7 қыркүйек күні Шымкент қаласы білім басқармасының «№48 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығына сәйкес  бір орынға педагог-логопед қызметіне жарияланған конкурсқа қатысқан үміткерлердің құжаттары қаралды.Үміткерлердің құжаттарын қарау үшін комиссия құрамы  сайланды..Комиссия төрайымы Шымкент қаласы білім басқармасының «№48 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Г.А.Сарсенова, комиссия мүшелері Шымкент қаласы білім басқармасының «Әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әдіскері Б.Қ.Нұсқабаев, «Шымкент қаласының Білім, спорт және бюджеттік мекеме қызметкерлерінің кәсіптік одағы»қоғамдық бірлестігінің бас маманы А.А. Оспанова, Шымкент қаласы білім басқармасының «№49 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесініңпедагог-логопеды Ж.К.Халикова, Шымкент қаласы білім басқармасының «№48 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің педагог-психологы Б.К.Кенжебаева, хатшы Шымкент қаласы білім басқармасының «№48 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің іс-жүргізушісі К.К.Жаксибаева бекітілді.Комиссия мүшелері конкурсқа құжат тапсырған           3 үміткердің құжаттарын қарап, бір үміркердің құжаты «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының міндеттелген құжаттар тізбесінің 9-тармағына сәйкес келмегендіктен конкурстан шеттетілді.Екі үміткердің құжаттарын комиссия бағалай келе қорытынды жасап, мектеп басшылығына ұсынды.
1.Маханбетәлі Әйгерім Шарханқызы-10 балл
2.Байдабекова Лаура Жылысбековна-7 балл.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив