Школа №1
Телефоны приемной:
(8723) 40-11-72
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
» » № 48 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ
08
декабрь
2023

№ 48 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты «№48 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік  мекемесінде   2023 жылдың 28  қараша  күні  8-11 сынып қыздарының қатысуымен Қазақстан Республикасындағы адамгершілік жыныстық тәрбие жөніндегі тұжырымдама аясында «Ерте жүктіліктің алдын алу» атты қыздар жиналысы өткізілді .
Өткізілген адамгершілік-жыныстық тәрбие жұмысына, Шымкент қаласы №11 емхананың акушер-гинеколог маманы Егізбаева Айжан Нұрлановна, мектептің  педагог - психологы  С.Тастемір  қатысты .
№11 емхананың акушер-гинеколог маманы  Егізбаева Айжан Нұрлановна сөз алып, «Ерте жүктіліктен қалай сақтануға болады?  Ерте жүктілік немен қауіпті? - деген сауал төңірегінде ой қозғап, 8-11 сынып қыздарымен пікір алмасты. Жасанды түсік — болашақта бала сүю мүмкіндігін төмендететіні, яғни бедеулікке апарып соқтыратыны, жасанды түсік жасататын қыздардың 30 пайызы онкологиялық , гинекологиялық ауруларға шалдығатыны туралы айтып өтті.
Мектептің  педагог-психологі С.Тастемір  сөз алып, қыз балаларда өтпелі жас кезеңі басталып, гормондық қайта құрылу жүреді . Көптеген отбасында әңгіме қозғалмай , жабық күйде қалады . Бірақ , бұл - дұрыс еместігін айтып өтті.
Қоғамның дамуы мен мемлекеттің өркендеуі - келешек  аналар  қолында, қыз баланың тәрбиесіне де байланысты .
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив