15
ноябрь
2022
Қырық Сегізінші Мектеп
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты «№48 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2022 жылдың 27 қазан күні «Асыл әжелер» тобы «Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі» тақырыбында 8-11 сынып қыздарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында қазіргі заман қыз бала тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді. Қыз баланы тәрбиелеу – ұлтты тәрбиелеу деген сөз. Отбасы – қоғамның бір бөлшегі. Ал отбасының алтын қазығы – әйел адам. Бесігінде жақсы тәрбие алған, үлгі өнеге көрген қыз бала келін болғанда да сол әдетін сақтайды. Сондықтан да, бүгінгі ұлттық салт дәстүріміздің қыз бала тәрбиесіне байланысты тұстарын айтып өтті. Біздің халқымызда «қыз» деген сөздің өзі әдеміліктің, жан- жақты сұлулықтың рәмізі ретінде қолданылады. Әдептілік, инабаттылық, сыйласу қонақ күту жағынан халқымыз алдына жан салмаған. Әрбір бойжеткен қыз бала, әке- шешенің ортасындағы бұлғақтаған бал дәуренін қалдырып, басқа бір үйге барып келін атанады. Өз шаңарағын көтеріп, үй мен шаруаға иелік етіп түтінін түтетеді, ана болып өмірге перзент әкеледі. Жар құшып, ана болу – қыз баланың мақтанышы әрі бақыты. Сонымен бірге әжелеріміз өз өнерлерін көрсетіп, оқушылармен пікір алмасты.








