15
ноябрь
2022
Қырық Сегізінші Мектеп
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты «№48 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2022 жылдың 10 қараша күні 8-11 сынып қыздарымен №11 емхананың гинеколог-дәрігері А.Н.Егізбаева «Ерте жүктіліктің алдын алу», оқушының гигиеналық тазалығы, жыныстық тәрбие тақырыбында баяндама оқып, бейнероликтер көрсетілді. «Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу», топтық психологиялық кеңестер, өмірді бағалауға деген қарым-қатынасқа байланысты дәрігер- психолог Э.А.Кошкарова баяндама оқып, тренингтер, сауалнамалар алып, бейнероликтер көрсетті.






