21
апрель
2025
№ 48 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты «№48 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2025 жылғы 18 сәуір күні «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында Ата-аналарды педагогикалық қолдау мақсатында 9-11 сынып оқушыларының ата-аналарына «Әкені көріп ұл өсер, шешені көріп қыз өсер» тақырыбында сабақ өткізілді. Сабақта мектеп психологы Ә.Данаева тренинг-жаттығулар өткізді. Сонымен қоса, баламен қалай қарым-қатынас жасау, пайдасы туралы әңгіме жүргізілді. Мақсаты– бала тәрбиесінде ата-ананың жауапкершілігін арттыру, отбасылық құндылықтарды жаңғырту, мектеп пен ата-ананың тығыз байланысын нығайту.
1. Отбасында уақытты бірге өткізудің пайдасы.
2. Ата-ананың күнделікті өмірде үлгі болатын маңызды қасиеттері.
3. Балаға жақсы әдеттерді үйрету.
4. Уәдесін орындау – ата-ананың ең басты қағидасы.
5. Балапан ұядан не көрсе, ұшқанда соны іледі.
https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid0RQ3AKixoGGB2kaSfDj7vHXLTKQQHvrQLWKFdQ1ZRCCx4s3Ep2j9LDmjBBAUx5ZNol&id=100024637128383
