01
апрель
2024
№ 48 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты «№48 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде наурыз айында «Ата-аналарды педагогикалық-психологиялық қолдау» мақсатында ата-аналармен кезекті дәрістер өткізілді. Сабақ барысында мектеп психологтары С.Тастемір мен Б.Кенжебаева «Сенім арту-жетістік кепілі» тақырыбында ата-аналармен сұхбаттасып, тренингтер өткізді. Сонымен қатар А.Қабылбекова, Л.Ерман сынып жетекшілермен бірлесіп
1. «Сенім арту – жетістік кепілі. Қиын жағдайда баланы қалай қолдау керек? 1-4 сынып оқушыларының ата-аналары;
2. «Әр нәрсенің өлшемі бар...», «Қажеттілік» пен «қалау» арасындағы тепе-теңдікті қалай сақтауға болады» 5-8 сынып оқушыларының ата-аналары;
3. «Күйзелістен шығар жол» тақырыбында 10-11 сынып оқушылары ата-аналарымен сабақтар өткізді.
Сабақтың мақсаты:
1. Ата-аналардың әртүрлі жағдайларда балаға тиімді көмек көрсетуге дайындығын қалыптастыру.
2. Ата-аналардың жасөспірімнің талаптары мен қалауы арасындағы тепе-теңдікті ұстау қабілетін дамыту, ата-аналар мен балалар арасындағы жағымды қарым-қатынас дағдыларын дамыту.
3. Ата-ананың күйзеліске қарсы тұру және баласына да осындай көмек көрсету қабілетін қалыптастыру.
4. Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынастың ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар арқылы көрсету.
