14
апрель
2025
№ 48 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ
«Психологиялық қолдау орталығы» мамандарының қатысуымен жасөспірімдерге психологиялық қолдау көрсету мақсатында өткізілген
«АШЫҚ ЕСІК» күнінің ЕСЕБІ
Ата-аналар саны: 53
Білім алушылар саны: 27
Атқарылған іс-шаралар:
Шымкент қаласы №48 жалпы орта білім беретін мектебі
2025 жылдың 11 сәуірінде «Психологиялық қолдау орталығы» маманы Аяпова Баян Махмұдқызы мектеп педагог-психологтары Б.К.Кенжебаева және А.Д.Данаева бірлесе отырып ата-аналар және білім алушылармен кездесіп, психологиялық тренингтер өткізді. Оқушылармен "Шырмауық", " Жұбыңды тап" тақырыбында тренингтер өтті, ашық әңгіме, сұхбат жүргізілді.Оқушылар тренингке белсене қатысып, кері байланыс жасалды.«Психологиялық қолдау орталықтың» мақсатымен таныстырып, ата-аналарға психологиялық қызметтің тиімділігін және оның оқу процесіндегі маңыздылығын, көмек көрсету мүмкіндіктерін атап өтті.
«Менің құпиям» тақырыбында ата-аналармен психологиялық тренинг жүргізілді. Мақсаты: Отбасы тәрбиесіндегі ата – ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру, тәрбиенің ең тамаша жері отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары екенін, баламен жақсы қарым - қатынас орнату, бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің маңыздылығын ашу.Ата-аналар тренингте белсенділік танытып , өз ойларымен бөлісті.
Ата-аналарға және білім алушыларға психологиялық консултациялар жүргізілді. Әрбір қатысушының жеке мәселелері бойынша кеңестер беріліп, психологиялық көмек көрсетілді. Бұл жеке кездесулер әр қатысушының өзін-өзі түсінуі мен дамуы үшін маңызды болды. Ашық есік күні аясында өткізілген тренингтер мен консултациялар білім алушылардың, ата-аналардың және педагогтердің психологиялық жай-күйін жақсартуға ықпал етті. Психологиялық орталықтың жұмысын таныстыру мен психологиялық тренингтер жүргізу осы шараның басты мақсаты болды.
https://www.facebook.com/100024637128383/videos/1192125635736933/
