14
апрель
2025
№ 48 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты «№48 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының «Даналық мектебі» жобасы аясында 2025 жылғы 11 сәуір күні 8-11 сынып оқушыларымен «Тәрбие – тал бесіктен» тақырыбында әжелермен, ардагерлермен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге Қазығұрт шағын ауданы бойынша ардагерлер кеңесінің төрағасы Азимбаев Қыдыр, Өзбек мәдени орталығының төрағасы Ахметов Уткир,
Қазығұрт шағын ауданында құрылған «Асыл әжелер» тобы қатысты.
Кездесудің мақсаты: кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың, түрлі келеңсіздіктердің (темекі шегу, нашақорлық, лудомания, ысырапшылдық) алдын алу, ғибратты әңгімелер арқылы оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге, адами құндылықтарды бағалай білуге тәрбиелеу.
https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid0WtbnUhYpQ14oo3rCrEJqmeSxQvMc4cT8usttyoufLK8oD4KXMtjA1RfmXPWZai6al&id=100024637128383
