Школа №1
Телефоны приемной:
(8723) 40-11-72
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
» » № 48 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ
16
май
2023

№ 48 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты «№48 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік  мекемесінде  2023 жылғы 15 мамыр күні «Адалдық –парасаттылық» тақырыбында әр түрлі салада еңбегі сіңген танымал тұлғалармен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге  «Семей- сынақ»  ядролық полигонының ардагері  Мамедов Серикбай Жанпаевич, Қамқоршылық кеңесінің төрайымы  Арыстан Ұлданай Ерназарқызы, Ата-аналар комитетінің төрағасы Бабаев Байрамалы қатысты. Кездесу барысында оқушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – бұл адамның саналы және адамгершілікпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру қабілеті. Тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті дегеніміз, ол сол тұлғаның қоғам қауіпсіздігіне және игілігіне сыбайлас жемқорлықтың зияны туралы білімін қамтитын қасиеті. Ол индивидтің жай ғана сыбайлас жемқорлықты төзбеуі ғана емес, сонымен қатар оны жоюға, онымен күресуге талпынуы болып табылады.
Қазақстан Республикасының әр азаматы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыра білсе еліміздің дамуы бұданда биік дәрежеге көтерілетіні хақ. Жалпы, кез-келген қызметкер өз отбасында, әріптетерінің арасында осы бір қағидаларды ұран қыла білсе, бұл індеттің түбімен жойылатыны анық екені туралы  ойларымен бөлісті.  Сонымен қоса, адамгершілік, кішіпейілділік, тазалық, достық, ар - ұят, әдептілік, мейірімділік сияқты адам бойындағы асыл қасиеттерді бағалай білуге, бір-біріне, әртүрлі халықтардың салт-дәстүріне, мәдениетіне құрмет сезімі туралы айтты. 



Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив