04
апрель
2025
№ 48 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты «№48 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында 2025 жылдың 27 ақпан күні 1 наурыз-Алғыс айту күніне «Алғыс айту- адамгершілік белгісі» тақырыбында іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында ән-биден шашу шашылып, этнос өкілдері,қонақтар қазақ еліне алғыстарын жаудырды. Іс-шараға Республикалық Ұлттық құндылықтар академиясы Шымкент қалалық филиалының төрайымы Коздибаева Абила Коздибаевна, Абай ауданы бойынша Түрік мәдени орталығының төрағасы Камалов Оразбай Назымұлы, Тұран ауданы ардагерлер кеңесінің мүшесі Байрамов Ханали Бабаевич,
Қазығұрт шағын ауданы бойынша ардагерлер кеңесінің төрағасы Азимбаев Қыдыр, Өзбек мәдени орталығының төрағасы Ахметов Уткир,
Өзбек мәдени орталығының мүшес Қараходжаев Ахматжан,
Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Арыстан Ұлданай Ерназарқызы
Қамқоршылық кеңесінің мүшесі Мамедов Серикбай Жампоевич
Ата-аналар комитетінің төрағасы Бабаев Байрамалы,
Қазығұрт шағын ауданында құрылған «Асыл әжелер» тобы қатысты.
Мақсаты: Азаматтық қағидаттарға негізделген Қазақстандық бірегейлікті дамыту арқылы Қазақстан халқының бірлігін нығайту. Оқушылардың ризашылық пен алғыс туралы түсініктерін, сыйластық құндылығы туралы түсініктерін қалыптастыру. Оқушыларды үлкен-кішіге деген сүйіспеншілікке, сыпайылық қарым-қатынасқа, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу.
https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid02tsHyaVKbJdPRLsCB8W6L1uuu5oieRsvPmEWzMRVLcJx2UvuKpQxS4FEgzPLRuFrBl&id=100024637128383
