08
декабрь
2023
№ 48 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты «№48 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2023 жылдың 28 қараша күні «Нашақорлыққа, алкоголизмге, темекі шегуге жол жоқ!» тақырыбында 8-сынып оқушыларымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстел барысында оқушыларға бейнероликтер көрсетіліп, темекінің зияны туралы түсіндіріліп, пікіралмасу жүргізілді.
Темекі шегу бала ағзасының әртүрлі жүйе ауруларының дамуына ықпал етеді, зат алмасудың нашарлауына әкеледі.
Темекі шегу кезінде көмірқышқыл газының көп мөлшері баланың қанына енеді. Көмірқышқыл газы гемоглобинмен әрекеттесіп, оттегін алмастырады. Жоғары концентрацияда ол тіпті дененің оттегі ашығуына байланысты өлімге әкелуі мүмкін.
Балалардың темекі шегуі, олардың өсуінің тежелуіне, жасөспірімнің физикалық дамуынан артта қалуына әкеледі. Психикалық аурулар мен психологиялық тәуелділік пайда болуы мүмкін. Балаларда бұлшықет жүйесінің патологиясы тіркеледі, жүрек, өкпе, бауыр аурулары байқалады.
Никотинге бірінші болып баланың миы жауап береді. Оттегінің толық жетіспеуінен мидың жүйке жасушаларының қызметі тежеледі. Темекі шегетін жасөспірімдерде оқу үлгерімі мен физикалық белсенділігі төмендейді.
Жасөспірім баланың тыныс алу және ас қорыту жүйесі егде жастағы адамдарға қарағанда әлдеқайда белсенді, өйткені уытты заттар балалардың денесінде тез сіңеді.