10
апрель
2025
№ 48 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ
Шымкент қаласының Әдістемелік орталығының сүйемелдеуімен 2025 жылғы 09 сәуір күні «Заманауи білім беру және цифрлық технологиялардың сабақ үдерісінде тиімділігі» тақырыбында Тұран, Абай, Әл-Фараби ауданы мектептері арасында педагогикалық-инновациялық озық тәжірибелерін тарату мақсатында №48 жалпы орта білім беретін мектебінде қалалық тәжірибелік семинар өткізілді. Семинардың мақсаты: Білім сапасын жақсарту мүмкіндіктерін қарастыру, цифрлық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың оқу жетістіктерін арттыруға бағытталған стратегияларды ұсыну, педагогтердің тәжірибесін тарату. Пән мұғалімдерінің кәсіби құзіреттілігін арттыру, тәжірибе алмасу. Семинарға Шымкент қаласы Білім басқармасы Әдістемелік орталығының әдіскері А.С.Сайфутдинова қатысты.
Семинарды мектеп директоры К.М.Жанабаева ашып, "Білім беруге заманауи әдістемелер мен тиімді педагогикалық технологияларды ендіру" тақырыбында баяндама оқыды.
Семинар барысында өз тәжірибелерін бөліскен педагогтер:
1. Биология пәнінің мұғалімі Ж.С. Ахметова «Құрсақта даму. Ұрықтық дамудың алғашқы белгілері» тақырыбында 9 «Б» сыныпта ашық сабақ өтті.
2. Бастауыш сынып мұғалімі А.Ж.Рахметова «Ғарыш жолы жалғасады» тақырыбында 4 «А» сыныбында әдебиеттік оқу сабағынан ашық сабақ өтті.
3. Бастауыш сынып мұғалімі Г.Р.Примкулова «Гапнинг уюшиқ булаклари» тақырыбында 4 «Г» сыныбында өзбек тілінен ашық сабақ берді.
4. Ағылшын тілі мұғалімі Г.Ж.Дүйсембиева 9 «Ә» сыныбында «Use of English: Adverbs –order of adverbs» тақырыбында ашық сабақ өтті.
5. Физика пәнінің мұғалімі Н.М.Аширбекова 8 «Ә» сыныбында «Жарықтың сынуы, жарықтың сыну заңы» тақырыбында ашық сабақ өтті.
6. Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Б.С.Бизақов 6 «А» сыныбында «Допқа ие болу әдісінің негізгі элементтерін дамыту» тақырыбында ашық сабақ өтті.
7. Бастауыш сынып мұғалімдері Б.М.Сейтбекова мен У.Ж.Жуматаева педагогтерге арналған «Бастауыш сынып оқушыларының көркем жазу дағдыларын қалыптастыру және жетілдіру жолдары» тақырыбында коучинг өтіп, өз тәжірибелерімен бөлісті.
8. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Е.С.Мамешов пен К.К.Сарбаева «Оқу сауаттылығы бойынша оқылым стратегияларымен жұмыс» тақырыбында шебер сынып өтіп, өздерінің іс-тәжірибелерін ортаға салды.
9. Ағылшын тілі мұғалімдері С.Н.Камбарова мен Н.К.Ташметова педагогтермен «Ағылшын тілі пәнін оқытудағы геймификацияның тиімділігі» тақырыбында коучинг өтіп, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Сонымен қоса, мектептің кіре беріс фойесіне ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында көрме ұйымдастырылды.
Семинар бағдарламасында жоспарланған сабақтар, іс-шаралар жоғары деңгейде өтті. Семинарға келген педагогтер тиімді кері байланыс жасап, өз тәжірибелерін бөліскен педагогтерге алғыстарын білдірді.
https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid0DGpzM8QoXxuKGmkJR7psPcNnF16Tw4pRxG9grmsrwcoTAZzS4ANZbGWKubd1k2pql&id=100024637128383
