04
апрель
2025
№ 48 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ
"БІЗ ТАҢДАҒАН КІТАПТАР" Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты «№48 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кітапханасында "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы , "Балалар кітапханасы" жобасы аясында 2 сәуір-Халықаралық балалар кітабы күніне орай 9 сынып оқушылары қатысуымен "БІЗ ТАҢДАҒАН КІТАПТАР" атты тақырыптық сағат өткізілді. Мақсаты: кітаптың құдіретін арттырып, оқуға деген сүйіспеншілікті ояту. Оқушылар өздері таңдаған кітаптары бойынша өз ой пікірлерімен бөлісті. Кітап алмаған оқушылар сөредегі кітаптарды таңдап оқыды. Көркем әдебиеттерде "БІЗ ТАҢДАҒАН КІТАПТАР"атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, кітапханашы Г.Алдабергенова библиографиялық шолу жасады. Іс-шарада оқушылар тек кітаптармен ғана емес, сүйікті кітаптары/авторлары туралы қызықты әңгімелерімен де ой бөлісті.
https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid033ZdFNQgpWjjydiDLkoC4A2w22jTdmtM9vYUWYMwQAmQzWaZibnvSKBR2GjzRCfGYl&id=100024637128383
https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid033ZdFNQgpWjjydiDLkoC4A2w22jTdmtM9vYUWYMwQAmQzWaZibnvSKBR2GjzRCfGYl&id=100024637128383
