04
апрель
2025
№ 48 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ
Шымкент қаласы білім басқармасының “N48 жалпы орта білім беретін мектебінде” 2025 жылғы 26 наурыз күні “Бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дамыту заман талабы” тақырыбында мектеп директоры Қаныткуль Мырзанқызы Жанабаеваның төрағалығымен кезекті педагогикалық кеңес өтті. Педагогикплық кеңесте 3-тоқсан бойынша білім алушылардың білім сапасы, білім салалары бойынша оқыту пәндерінің білім сапасы талданды. Мектеп әкімшілігі тарапынан алынған байқау тест жұмыстарының қорытындысы және жоспарға сәйкес 9,11 сынып оқушыларының кәсіби бағдарлау жұмысы айтылды. Мектептегі тәрбиелік іс- шараларға қорытынды жасалды. Мектеп директоры Жанабаева Қаныткуль Мырзанқызы 4-ші тоқсан бойынша атқарылатын тапсырмалар берді және педагог қызметкерлерді Шымкент қаласы білім басқармасының “Алғыс хатымен” марапаттады.
https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid02Z4Hyez7e64gpuy5EbNRp4UX3UHiXsKovgbjbSLWAZALUmZ9tZeCs4fEsauvnG1yXl&id=100024637128383
https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid02Z4Hyez7e64gpuy5EbNRp4UX3UHiXsKovgbjbSLWAZALUmZ9tZeCs4fEsauvnG1yXl&id=100024637128383
