03
апрель
2025
№ 48 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ
БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ " ӨЗІН ӨЗІ БАСҚАРУ КЕҢЕСІНІҢ" МЕКТЕПІШІЛІК КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ



Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Тұран ауданы №48 жалпы орта білім беретін мектебі "Өзін-өзі басқару кеңесінің кезекті отырысы болып өтті.Бұл отырыс Қазақстан Республикасы президентінің "Әділетті Қазақстан-Адал азамат" Ұлттық құрылтайында сөйлеген сөзінен басталды.
"Отаншылдық және мемлекеттілік қасиет әр баланың бойынан табылуы қажет. Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелейтін патриоттық ұйымдардың жұмысын жандандырған жөн"
Мектептегі "Өзін- өзі басқару кеңесінің" мақсаты: Өскелең ұрпақты әлеуметтендіру және өзін-өзі дамыту,білім алудың азматтық санасын және әлеуметтік белсенділіктерін қалыптастыру,сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
Білім алушылардың Өзін-өзі басқару кеңесінің мектепішілік жетекшісі Көшбасшыларға 2025 жылдың жаңа жоспарымен таныстырды.
Білім алушылардың өзін-өзі басқаруы қызметінің негізгі бағыттары (бұдан әрі – бағыттар):
1) зияткерлік бағыт (дебаттық, әдеби және поэтикалық, экономикалық, бизнес негіздері, балалар кітапханасы, шахмат);
2) патриоттық бағыт (әскери-патриоттық, батырлық-патриоттық, тарихи, өлкетану және мұражай ісі, тіршілік қауіпсіздігі мәдениеті (жас құтқарушылар, өрт сөндірушілер, полицейлер);
3) құқықтық бағыт (омбудсмендер (балалар өкілдері), құқықтық қорғалу, құқықтық мәдениет және сауаттылық, академиялық адалдық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет);
4) экологиялық бағыт (экология және өсімдіктер, экология және жануарлар, экология және су ресурстары, экология және құқық);
5) спорттық-сауықтыру бағыты (спорт, дене шынықтыру, спорт лигалары, сауықтыру, ойын, салауатты өмір салты, балалар мен жасөспірімдер туризмі, тамақтану мәдениеті);
6) мәдениет және өнер бағыты (көркем-эстетикалық, мінез-құлық, сөйлеу, сыртқы келбет мәдениеті, ұлттық өнер, тілдік даму, театр өнері, актерлік өнер);
7) ғылыми-техникалық бағыт (еңбек, техникалық модельдеу, робот техникасы, бағдарламалау, IT және смарт-технологиялар, жасанды интеллект, киберспорт, экономикалық ойындар);

9) волонтерлік бағыт (халықтың әлеуметтік осал топтарына волонтерлік көмек, балаларды көшбасшылыққа баулу ретінде волонтерлік, мүгедек балаларға волонтерлік қамқорлық, эковолонтерлік, «күміс» волонтерлік).
"Өзін-өзі басқару кеңесінің" кезекті отырысында келесі жарты жылдық жоспары талқыланып,жаңа жоспарларды іске асыруды қолға алды.
https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid04nqETkw6qMiP7FupiVyPduf6SAuBdVzgi9Vq7EacG8NrMA53QvjgLWkDxQsHpGTvl&id=100024637128383