27
ноябрь
2024
№ 48 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №48 жалпы орта білім беретін мектебінде оқу-тәрбие жоспарына сәйкес 5-11-сынып оқушылары арасында 2024 жылғы 9-13 қыркүйек арлығында білім алушылардың білім деңгейін анықтау барысында мектеп әкімшілік тарапынан оқыту пәндерінен байқау тест жұмыстары, жазба (диктант, эссе) жұмыстары алынды. Алынған жұмыстар сараланды, зерделенді, мониторингілеу жұмыстары жасалды. Мектеп әкімшілігі және комиссия құрамы мектеп директоры К.М.Жанабаеваның алдына есеп беріп, қорытындыланды. Алдағы уақытта үнемі мектеп әкімшілігі тарапынан байқау тест (жазба) жұмыстары білім алушылар арасында алынып ,мониторингілеу жұмыстары жүргізіп отыру керектігін мектеп директоры К.М.Жанабаева ескертіп өтті.
