27
ноябрь
2024
№ 48 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ
«МЕН ЖӘНЕ МЕНІҢ ОТБАСЫМ»
Жалындаған бала қымбат жас талабы,
Ата - ана қуанышы, қас - қабағы.
Тәрбиенің, өнегенің тал бесігі,
Отанымыз отбасыдан басталады.
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты «№48 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2024 жылдың 09 қыркүйек күні «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Мен және менің отбасым» тақырыбында 1-4 сынып оқушыларымен сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: оқушылардың отбасы, жанұя туралы білімдерін шыңдай түсу, отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу. Оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, ептілікке, өз ойын жеткізе білуге, отбасы құндылықтарын сыйлауға тәрбиелеу.
Оқушылардың жол қауіпсіздігіне баса назар аударылды.
https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid0qPcyJ5WsvHrJrUX4MHLtKo42si2ea25a6esKcoRYUuabSi9Dcaad5DgPSYcnZ6XVl&id=100024637128383
