02
декабрь
2024
№ 48 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты «№48 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2024 жылдың 27 қыркүйек күні «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Бала қауіпсіздігі –қоғам келешегі» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді. Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
1. «Бала қауіпсіздігі –қоғам келешегі» оқушылардың ұялы телефондағы қауіпсіздігі (ұялы телефонды орынды пайдалану), жол қауіпсіздігі.
2. Оқушылар арасындағы құқықбұзушылықтың (жалған ақпарат беру) алдын алу.
3. Әр түрлі мәселелер.
Жиналыстың мақсаты: балалар қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі отбасы мен мектептің өзара ынтымақтастығы, әлеуметтік желідегі бала қауіпсіздігігің алдын алу.
Ата-аналарға ұсыныс:
1. Балалардың телефонындағы қосымшалар мен ойындарды тексеру,
2. Құрылғыларда ата-ана бақылауын қолданыңыз,
3. Әлеуметтік желелер мен топтарды бақылау,
4. Хабарламалар орнату,
5. Интернет пайдалану уақытын шектеу,
6. Ашық диалог
7. Балалармен үнемі байланыста болу, сенім атмосферасын құру,
https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid02rwcTJVziLdKLPJWkfQcrgVwRC2FwVtL6Wnjk1zkAvufQ2Z3Ce5uRLnSPAqtWRMKYl&id=100024637128383
