02
декабрь
2024
№ 48 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ
БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ - БАСТЫ НАЗАРДА
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты «№48 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2024 жылдың 26 қыркүйек күні «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Бала қауіпсіздігі –қоғам келешегі» тақырыбында жалпы мұғалімдер жиналысы өткізілді. Білім беру ұйымдарында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бағдарламаға сәйкес балалардың жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында апта сайын сынып сағатында 10 минуттық қауіпсіздік сабағы енгізілген. Осыны пайдаланып баланың қауіпсіздігіне баса назар аудару керек. Әлеуметтік желілердегі оқушылардың қауіпсіздігін талқылау үшін жиналып отырмыз. Жақында балалар мен жасөспірімдерді басқара алатын және оларды психикалық және физикалық қауіп-қатерге душар ететін қауіпті онлайн ойындар мен топтамалардың саны артты. Бізді алаңдататын нәрсе - балалар әлеуметтік желелерде түрлі жағымсыз жағдайларға тап болады, кейде тіпті өз өмірлеріне қауіп төндіреді. Бұл отбасы үшін ғана емес бүкіл қоғам үшін қайғылы жағдай. Әрбір ата-ана балаларының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, оларды әлеуметтік медиа мен интернеттің зиянды әсерінен қорғауы тиіс. Оған біздер ықпал жасауымыз қажет.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
1. «Бала қауіпсіздігі –қоғам келешегі» оқушылардың ұялы телефондағы қауіпсіздігі (ұялы телефонды орынды пайдалану), жол қауіпсіздігі.
2. Оқушылар арасындағы құқықбұзушылықтың (жалған ақпарат беру) алдын алу.
3. Әр түрлі мәселелер
https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid027zrfgFko1qgeN3YTzXfYxyUWSacRuofPGWQ6ZKFevxuZxdbzu947GbEdUMdfa4nsl&id=100024637128383
