27
ноябрь
2024
№ 48 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты «№48 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2024 жылдың 06 күні "БҰРЫМДЫ ҚЫЗ" челленджі оқушылар арасында ұйымдастырылды. Қазақ халқы "қыз" деген сөздің өзін әдептіліктің, әдеміліктің, инабаттылықтың, сұлулықтың белгісі деп таныған. Әсіресе қыз баланың көрікті болып өсуіне анасы ерекше көңіл бөліп, "Алтын көркі- жалы, қыздың көркі- шашы" деп қыздың шашын күтіп өсіруді өнер санаған. Ол үшін оның шашын айранмен, қынамен жудырған. Шаштарын "қос бұрым" немесе "бестемше" етіп өру бойжеткен қыздың көркі болған. Қазақ халқының жырларында қазақ қыздарының шаштарын:"Шашының ұзындығы ізін басқан", "Шаштарын он күн тарап, бес күн өрген", "Қыпша бел, қиылған қас, қолаң шашты" керемет суреттеген. Өзін-өзі басқару ұйымы ұйымдастырды.
https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid02sr92PLYc1ReyFMEvoNgVmgxNki3pZzfY84XQMxraWEcdZwkfEkBVCMCBzs8cKe3dl&id=100024637128383
https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid02sr92PLYc1ReyFMEvoNgVmgxNki3pZzfY84XQMxraWEcdZwkfEkBVCMCBzs8cKe3dl&id=100024637128383
