Школа №1
Телефоны приемной:
(8723) 40-11-72
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
» » № 48 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ
11
декабрь
2023

№ 48 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты «№48 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік  мекемесінде   2023 жылдың 28 қараша  күні 7 "Ә" сынып оқушыларымен «Есірткісіз және ЖҚТБ-сыз әлем» тақырыбында сынып жетекші Мира Исмайлова  тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағаты барысында есірткіге қарсы күрес XX ғасырдың басында халықаралық сипат алып, арнайы құжаттармен бекітілді. 1946 жылдан есірткіге қарсы күресті бақылау Біріккен Ұлттар   Ұйымының құзырына берілген. Есірткіге  әуестік  көп  ретте  білместіктен басталады. Әсіресе,  жасөспірімдер қоршаған ортасының кері әсеріне иланғыш келеді. Топтық психология, еліктеушілік, бірге жүрген топ ішінде біреуі есірткі дәмін татқан болса, уақыт өткен соң топтың барлық мүшелері есірткіге әуестенуге әкеп соқтырады.
 Бір ерекшелігі нашақорлар басқаларды есірткіге әуестендіру әрекетін әдейі жасайды. Өйткені, нашақор еңбек етуге дәрмені жоқ адам, ол есірткі сатып алуға қажетті ақша іздеп жүреді. Нашақор қаражатты көбінде ұрлықпен және де басқа да заңсыз жолдармен табудан басқа амалын білмейді, ал қылмыстың өтеуі – жаза екені белгілі. Сондықтан, нашақор ата-анасы ауқатты жасөспірімдерді есірткіге әуестендіруге, соның арқасында өзінің «қамын» ойлауды мақсат етеді. Нашақордың жасөспірімдер тобына қосылуының себебі де сол. Ол алдымен есірткінің жеңіл түрін, яғни наша шегуді немесе ес ауыстыратын дәрі ішуді ұсынады. Еліктегіш жастар дәм тата бастайды. Олардың бірі қызық көруді қаласа, екіншісі басқалардан қалмауды, тағы бірі өзін ересек көрсетуге тырысуды қалайды. Бара-бара ол адам нашақорға, есірткінің құлына айналады.
Есірткінің   ерекшелігі сол, адам оның дәмін бір-ақ рет татқаннан кейін әуес болып қалады. Міне, адамдардың нашақор болуы себептерінің бірі сонда жатыр. Танысы, бір рет дәмін татсаң немесе иіскесең, шексең нашақор болмайсың, қиындықтардың барлығын ұмытасың, ләззат аласың, жаның тыныштық табады деген арбау сөздерімен нашақорлық жолына тартады. Ал ерік-жігерлері нашар, еліктегіш жасөспірімдер, кез келген уақытта  есірткіні пайдалануды тоқтата аламын деп жүріп, өзінің нашақор санатына қосылғанын білмей  де қалады. Олар нашақорлықты ауыр, емделуі қиын індет екенін түсінбейді.
Нашақорлардың арасында ең қауіпті ауруларды — СПИД, гепатит жұқтыру мүмкіндігі де жоғары екенін айтты.  Сондықтан сақтанып,   өздерінің болашақтарын ойлаған, алдарына мақсат-бағдар қойып, өмірде жақсы белестерге жетеміз деген жастар есірткіден бойларын аулақ ұстағандары жөн.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив