27
ноябрь
2024
№ 48 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ
1 қыркүйек - Білім күні!
"МЕКТЕБІМ МЕЙІРІМ-МЕКЕН!"
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты "N48 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2024 жылдың 1 қыркүйек күні "МЕКТЕБІМ МЕЙІРІМ-МЕКЕНІ" атты "АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ" іс-шарасы өткізілді. Бүгінгі мерекелік іс-шарада мектеп директоры Жанабаева Каныткул Мырзанқызы сөз алып, көптен күткен мереке-БІЛІМ КҮНІМЕН құттықтап, іс-шараны ашып берді. Мерекелік іс-шара қонақтары мектебіміздің Қамқоршылық кеңесінің төрайымы - Арыстан Ұлданай, Қамқоршылық кеңесінің мүшелері-Нуралиева Мариямкул, Мамедов Серикбай, Ардагер ұстаз- Рысқұлова Әтіргүл, Ата- аналар комитетінің төрағасы- Бабаев Байрамалы, Тұран ауданының полиция басқармасы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспектор полиция аға лейтенанты Миндиханов Бақытжан Минболсынұлы мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерге жүрек жарды ыстық лебізін білдірді.
Сонымен қатар, іс- шарада әннен інжу- маржан шашылып, мың бұралған биші қыздарымыз қонақтар мен жиынға қатысушыларды өнерлерімен тәнті етті.
ЖАҢА 2024-2025 ОҚУ ЖЫЛЫ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!


https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid02S78PVuCn7HmXAD4UF62FEw4QbyvM46fkxZVLJQUWzycbSNNLXurNBQAg2efLd8h8l&id=100024637128383