17
ноябрь
2023
№ 48 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ
"МЕКТЕБІМ- МЕЙІРІМДІЛІК МЕКЕНІ " САЛТАНАТТЫ ЖИЫН Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты " №48 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2023 жылғы 1-қыркүйек Білім күніне арналған "Мектебім- мейірімділік мекені" атты салтанатты жиын болып өтті. Салтанатты шарада мектеп директоры Қ. М. Жанабаева барлық ұстаздар қауымын және мектеп табалдырығын алғаш аттаған 1-сынып оқушыларын 1-қыркүйек -Білім күнімен, дәстүрлі жаңа оқу жылының басталу салтанатымен құттықтап, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі. Мектеп табалдырығын тұңғыш аттаған, жаңа өмірге қадам жасаған жас бүлдіршіндер үшін ерекше күн болды. Балғын балалықпен қош айтысып, мектеп табалдырығын мен аттаған жас бүлдіршіндер салтанатты жиын барысында ән айтып, өлең шумақтарын тарту етті. Мерекелік жиын мектеп оқушыларының концерттік бағдарламасымен жалғасын тауып, жаңа оқу жылынның алғашқы қоңырау соғылды. Салтанатты жиынның соңы бірыңғай "Мектебім-мейірімділік мекені" тақырыбында республикалық сынып сағаттарына ұласты.















