Школа №1
Телефоны приемной:
(8723) 40-11-72
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
» » №48 жалпы орта білім беретін мектебі
17
октябрь
2022

№48 жалпы орта білім беретін мектебі

7 қыркүйек күні  “Қазақстан халқы тілдері күні” мерекесіне орай «№48 жалпы орта 
білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде орыс тілі пәні бірлестіктерінің ұйымдастыруымен "Устное народное творчество" тақырыбында іс-шара өтті. Мектеп оқушылары орыс тілінде өлеңдер мен шығармаларды жатқа айтты. 
     Іс-шарада мектеп директоры К.М.Жанабаева сөз алып, мектеп оқушыларын Қазақстан халқы тілдері күні мерекесімен құттықтады. Ол елімізде өмір сүретін ұлттар мен ұлыстардың, түрлі этнос өкілдерінің бірлік пен ынтымақта өмір сүруінің дәнекері болып отырған барша азаматтарға ризашылығын білдірді. Сондай-ақ, көпшілікті мемлекеттік тілді құрметтеуге, оны жетік үйренуге шақырды.
   Іс-шара соңында осы айтулы мерекеге орай қазақ тілі, орыс, өзбек, ағылшын тілдері бойынша өтілетін тілдер апталығының жоспарымен оқушыларды таныстырды. Барлық оқушыларға апталыққа белсене қатысуына шақырып, сәттілік тіледі.






Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив