24
январь
2024
№ 48 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ
«Тіл-өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем»
«№48 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің бірлестігі «Тіл-өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем» тақырыбында апталықтың ашылуын өткізді. Мектеп фойесі безендіріліп, апталықтың жоспары таныстырылды. 6-сынып оқушылары апталықты «Қазақ тілі» әнімен ашты. Оқушылар тіл туралы өлеңдер, Абайдың қарасөздерін мәнерлеп жатқа оқыды. Панел тақтада ребустар беріліп, оқушылар мақал-мәтелдерді тауып, сұрақтарға жауап берді. Апталықтың ашылуына оқушылар белсенді қатысты. 










































