15
февраль
2024
№ 48 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты "N48 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2024 жылы 12 ақпан күні орыс тілі және әдебиеті пәнінің бірлестігі
“225 лет со дня рождения великого русского писателя-поэта русского народа А.С.Пушкина”тақырыбында апталықтың ашылуын өткізді.Бұл апталық А.С.Пушкиннің 225 жылдығына орай ұйымдастырылған.Апталықтың ашылуы мемлекеттік әнұранмен басталды.Іс шараны мектеп директоры К.М. Жанабаева ашып берді.Әрі қарай мектебіміз талантты оқушылары А.С.Пушкин туралы өлеңдер оқып,би билеп,ән айтты.Іс шара соңында мектебіміз директоры апталықтың ашылуы өз деңгейінде өткенін айтып әріптестерге сәттілік тіледі.
















