29
январь
2024
№ 48 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ
Шымкент қаласы білім басқармасының «Әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 22.01.2024 жылғы №54 хаты негізінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің тәрбиеші офицерлері институтының құрылғанына 32 жыл және армия генералы С.Нұрмаханбетовтың 100 жылдығына орай 26 қаңтар күні 35748 әскери бөлімінің базасында «Ашық есік» күніне №48 жалпы орта білім беретін мектебінің 9-11 сынып оқушылары мен АӘД жетекшісі И.Рисбеков қатысты. Мектеп оқушылары әскери бөлімнің оқу-жаттығулары мен бір күндік әскери өмірдің тыныс-тіршілігімен танысты. Оқушылардың болашақ мамандықты дұрыс таңдау керек екенін және әр азамат өз мамандығының нағыз иесі бола білу керектігін ұғына білді. 



















