25
январь
2024
№ 48 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты "N48 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2024 жылғы 24 қаңтар күні мектепте ата-аналарды педагогикалық қолдау бойынша ата-аналармен сұхбат-әңгіме өткізілді.
Бүгінгі таңда балалардың қауіпсіздігі, олардың денсаулығы мен қорғалуы, әл-ауқаты, білімі мен әлеуметтік жағдайы-басты назарда. Бұл туралы Президент: "Әлемде балалардың бақыты мен күлкісінен маңызды ештеңе жоқ. Өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасау-әрқашан біздің мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі", деген еді.














































