Школа №1
Телефоны приемной:
(8723) 40-11-72
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
» » № 48 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ
07
январь
2024

№ 48 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ

Шымкент қаласы білім басқармасының "N48 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік  мекемесінде 4.12-15.12 желтоқсан аралығында бастауыш сынып бірлестігінің «Бастауышым балбұлағым!» атты тақырыбында өткізілген апталықтың жабылу салтанаты болды. Апталықтың жабылуында концерттік бағдарлама ұсынылды. Оқушылар өз өнерлерін көрсетіп ән айтып, би биледі. Ақбота ұстазымыз өз шәкірттерімен "Шамшырақ" атты әсерлі көрініс көрсетті.
        Сонымен қатар, іс – шарамыздың жоғарғы деңгейде өтілуіне атсалысқан директордың бастауыш сыныптар бойынша оқу ісі орынбасары Гафурова Хусния апайымызға алғыс айтамыз. Апталықтың қорытынды сөзін мектебіміздің  директоры  Жанабаева Каныткуль Мырзанқызы апталықтың жақсы өтуіне атсалысқан мұғалімдердің еңбегі зор екендігін атап өтті. Ұстаздарымызға алдағы уақытта толағай табыс тіледі. Бала бойына білім шырағын жағып, жанашыр болған ұстаздарымызға рақмет!
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив