25
декабрь
2023
№ 48 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ
Шымкент қаласы
білім басқармасының "N48 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Бастауышым, балбұлағым! онкүндігінің жоспарына сәйкес Уразова Фируза, Утемисова Айнур “Табысты сабақты ұйымдастыру жолдары” атты коучинг сабақ өткізді. Коучинг сабағының мақсаты: оқыту сапасын жақсарту мақсатында табысты сабақты ұйымдастыру жолдарын ұсыну. Коучинг ұстаздарға ұнады. Коучингке қатысқан ұстаздар өзара бір-бірінен тәжірибе алмасты. Кері байланыс жасап, постерлерін құрастырып,түрлі тренингтерге белсенді қатысты. Коучинг соңында Ж.Аймауытовтың “Сабақ беру-жай үйреншікті нәрсе емес, ол жаңадан жаңаны табатын нәрсе” деген ұстанымын басшылыққа алып жұмыс істейміз деп тарқасты.





