17
ноябрь
2023
№ 48 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ
Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Тажиева Жанат Арысбекқызы басшылығымен 2023 жылдың 12 қыркүйек күні ZOOM арқылы қала мектептерінің педагогтерімен педагогикалық кеңес өткізді. Педагогикалық кеңес барысында мектептердің жай күйі, білім сапасы, орын алған құқықбұзушылықтар, кадрлық әлеуетті дамыту мәселелері қаралды. Жаңа оқу жылында келеңсіз оқиғалардың алдын алу мен білім сапасын жақсарту жұмыстары қатаң басшылыққа алынатынын айта келіп, мектеп ұстаздарын жаңа оқу жылымен құттықтады. Кеңеске N48 жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімдері де қатысты.









