Школа №1
Телефоны приемной:
(8723) 40-11-72
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
» » 48 жалпы орта білім беретін мектебі
09
ноябрь
2021

48 жалпы орта білім беретін мектебі

"48 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ-де Тілдер мерекесіне орай  "Тіл мен тарих ғасырлар куәсі" тақырыбында ағылшын тілі пәнінің апталығы өтті. Апталықтың бір күні А.Аманова және Г. Дүйсенбиеваның ұйымдастыруымен 6-7сыныптар арасында "Polyglot" зияткерлік сайысына арналды. Онда балалар "English" және "America" деген екі топқа бөлініп сайысты. Оқушылар бар өнерлерін салды. Сайысты үш тілде 3  жүргізуші жүргізді. 1-кезең "Baiga" да 13 ұпаймен "English" тобы басымдық көрсетсе, "Polyglot" кезеңінде "America" тобы 11ұпайға ие болып, 22 ұпаймен  алға шықты. 3-кезең "Guess the riddles!"  бойынша 12 балл жинап жалпы кезең бойынша 32 ұпаймен "English" тобы жеңімпаз атанды. Белсене қатысқаны үшін Курбанова Эсмира, Курбаналиева Элиф, Малахшаева Жасмина деген оқушыларға және жүргізушілер Әлібек Абдулазиз, Жорабек Айдын, Мадатова Лалаға жеке сыйлықтар берілді. Топтар мадақтама қағаздармен марапатталды. 









Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив