25
октябрь
2021
«№48 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«№48 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Қ.К. Сарбаева мен Г.Е. Даужанованың ұйымдастыруымен 8-10- сыныптар арасында «Рухани байлық-менің жан дүнием» тақырыбында сахналық көріністер ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату, адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету. 8-сынып оқушылары Ы.Алтынсариннің «Әділдік» әңгімесі бойынша, 10-сынып оқушылары Төле бидің «Ердің бақыты-әйел»: Төле би келінін қалай таңдағаны туралы сахналық қойылымдар көрсетті. Оқушылар сахна мәдениетін сақтап, оброзға еніп, рөлдерін өз дәрежесінде алып шықты.








