17
ноябрь
2023
№ 48 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ
№48 жалпы орта білім беретін мектебінде 2023 жылдың 19 қыркүйек күні мектеп педагог-психологтарының ұйымдастыруымен 9-11 сынып оқушыларымен «Еліне елеулі тұлға» атты тақырыпта ұл балалармен жергілікті полиция қызметкерлерімен және қыз балалармен емхана дәрігерлерімен кездесу өткізілді.
Кез келген өркениетті мемлекеттегі аса маңызды қоғамдық саланың бірі – медицина саласы. Себебі мемлекеттің басты байлығы саналатын халықтың денсаулығы – оның толыққанды ел екендігінің де басты көрсеткіші.
Полиция қызметкері – халықтың қорғаны. Қылмысты ашуда, қауіпсіздікті сақтауда полиция қызметкерлерінің еңбегі зор.
Полиция қызметкері болу үшін де, дәрігер болу үшін де білім де, білік те, білек те керек. Сабыр, төзім және қажыр-қайрат қажет. Шапшаңдық пен жылдамдық, тез шешім қабылдап, жылдам әрекет ете білу қабілеті қажетті басты қасиеттердің қатарында. Ұстамды болуы, азаматтармен тіл табыса білуі, сыпайы болуы да аса маңызды. Осындай толып жатқан талаптардың үдесінен шығуға баса назар аударатын бұл маман иелері әрқашан да елге елеулі маман иелері болып қала береді.
















